Мақалаларды рәсімдеу талаптары
Жеке мекеме «“Bolashaq” академиясы»
«Қазіргі заманның маңызды мәселелері» халықаралық ғылыми журналы (ISSN 2312-4784)
Авторлар үшін нұсқаулық
1. Жалпы талаптар
-
Мақала көлемі: 4000–8000 сөз.
-
Файл пішімі: Microsoft Word (.docx).
-
Бет өлшемі: A4.
-
Өрістер: төрт жағынан 2,5 см.
-
Қаріп: Times New Roman.
-
Қаріп өлшемі: 12 pt.
-
Жоларалық интервал: 1 pt.
-
Абзацтық шегініс: 0,8 см.
-
Туралау: екі жақ бойынша (Justified).
-
Беттерді нөмірлеу: төменгі оң жақ бұрышта.
2. Мақала құрылымы
-
Мақала атауы — 14 pt, қалың (bold), ортаға; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
-
Автор(лар): толық Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, ел, ORCID, e-mail (5 автордан аспауы тиіс).
-
Аннотация: 200–250 сөз; үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын).
-
Түйінді сөздер: 5 сөз; үш тілде.
-
Негізгі мәтін:
— Кіріспе
— Әдіс (Материалдар мен әдістер)
— Нәтижелер және оларды талқылау
— Қорытынды -
Алғыс (Acknowledgements) — қажет болған жағдайда.
-
Қаржыландыру (Funding statement).
-
Мүдделер қақтығысы (Conflict of Interest).
-
Авторлардың үлесі (Author Contributions).
-
Деректердің қолжетімділігі (Data availability).
-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі — APA 7 стилінде.
3. Кестелер мен суреттер
-
Кестелер: нөмірленеді; атауы жоғарыдан жазылады (мыс., Кесте 1 — Зерттеу нәтижелері).
-
Суреттер: нөмірленеді; атауы төменнен жазылады (мыс., Сурет 1 — Дыбыстардың семантикалық сәйкестігі).
-
Файл пішімі: суреттер — JPEG/PNG (кемінде 300 dpi); кестелер — Word құжатының ішінде.
-
Орналастыру: мәтіндегі қолданылған жеріне барынша жақын.
-
Сілтемелеу: әрбір кесте мен суретке мәтіннің ішінде міндетті түрде сілтеме беріледі.
4. Әдебиеттерді рәсімдеу (APA 7 стилі)
-
Мәтін ішіндегі сілтеме: (Автор, жыл). Мысалдар: (Sapir, 1929); (Хусаинов, 1988).
-
Тікелей дәйексөз:
— Қысқа (40 сөзге дейін): «…мәтін…» (Автор, жыл, б. 45).
— Ұзақ (40 сөзден жоғары): жеке абзац, сол жақтан шегініспен, тырнақшасыз. -
Әдебиеттер саны: кемінде 25; соңғы 5 жылдағы Scopus/WoS базаларынан кемінде 5 мақала болуы тиіс.
-
Тізім реті: әліпби тәртібімен.
-
Қазақ және орыс тіліндегі дереккөздер: транслитерация жасалып, жақша ішінде ағылшынша аудармасы көрсетіледі.
5. Ғылыми этика
-
Түпнұсқалық: мақала бұған дейін жарияланбаған және/немесе басқа журналға жіберілмеген болуы тиіс.
-
Ұқсастықты тексеру: StrikePlagiarism жүйесінде жүргізіледі.
-
Этикалық талаптар: адам қатысатын зерттеулер үшін этикалық комитеттің рұқсаты және/немесе ақпараттандырылған ерікті келісім қажет.
