Төлем

Мақала өңдеу төлемі

«Қазіргі заманның маңызды мәселелері» журналы ашық қолжетімділік (Open Access) үлгісінде жұмыс істейді және жарияланған мақалалардың ұзақ мерзімді сақталуы мен еркін таралуын қамтамасыз етеді.

Төлем тек журналдың техникалық инфрақұрылымын қолдауға бағытталады — атап айтқанда:

ресми веб-сайттың жұмысын қамтамасыз етуге;

әр мақаланы Crossref DOI арқылы тіркеуге;

редакциялық және техникалық түзету шығындарын жабуға.

 

Төлем мерзімі мен тәртібі

Төлем тек мақала рецензиядан сәтті өтіп, редакциялық алқа тарапынан жариялауға ресми түрде қабылданғаннан кейін ғана жасалады.

Редакцияға материалды ұсыну, қарау немесе рецензиялау кезеңінде ешқандай төлем талап етілмейді.

Рецензия нәтижесіне төлемнің еш әсері болмайды, шешім тек ғылыми және сапалық негізде қабылданады.

 

Төлем мөлшері

Авторлар санаты

Төлем мөлшері

Түсіндірме

«Bolashaq» академиясының оқытушылары

5000 теңге

Сайтты қолдау және DOI тіркеу үшін

Басқа қазақстандық жоғары оқу орындарының авторлары

8000 теңге

Техникалық редакция шығындары үшін

Шетелдік авторлар

Тегін (Free of charge)

Халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында

 

Маңызды ескерту

Төлем тек қабылданған мақалаларға қатысты алынады.

Редакция мақала сапасына, рецензия нәтижесіне немесе бас тарту шешіміне байланысты төлем талап етпейді.