Мақалаларды рәсімдеу талаптары
Жеке мекеме «“Bolashaq” академиясы»
«Қазіргі заманның маңызды мәселелері» халықаралық ғылыми журналы (ISSN 2312-4784)
Авторлар үшін нұсқаулық
1. Жалпы талаптар
- Мақала көлемі: 4000–8000 сөз.
- Файл форматы: Microsoft Word (.docx).
- Парақ форматы: А4
- Жиектер: барлық жағынан 2,5 см.
- Қаріп: Times New Roman.
- Қаріп өлшемі: 12 pt.
- Жоларалық интервал: 1.
- Абзац шегінісі: 0,8 см.
- Туралау: мәтін толықтай (Justified).
- Беттер нөмірі: төменгі оң жақ бұрышта.
2. Мақала құрылымы
1. Мақала атауы – 14 pt, қалың (bold), ортасына жазылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
2. Автор(лар): толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызмет орны, ел, ORCID, e-mail.
3. Аннотация: 200–250 сөз. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
4. Кілт сөздер: 5 сөз. Үш тілде.
5. Негізгі мәтін:
- Кіріспесі
- Әдісі (Материалдар мен әдістер)
- Нәтижелері мен оның талқылауы
- Қорытындысы
6. Алғыс айту (Acknowledgements) – қажет болған жағдайда.
7. Қаржыландырылуы (Funding statement).
8. Мүдделер қақтығысы (Conflict of Interest).
9. Авторлардың үлесі (Author Contributions).
10. Деректерге қолжетімділігі (Data availability).
11. Ашық қолжетімділік және авторлық құқық
12. Әдебиеттер тізімі – APA 7 стилінде.
3. Кестелер мен суреттер
- Кестелер: нөмірленіп, атауы үстіне жазылады (Кесте 1 – Зерттеу нәтижелері).
- Суреттер: нөмірленіп, атауы астына жазылады (Сурет 1 – Дыбыстардың семантикалық сәйкестігі).
- Формат: суреттер JPEG/PNG (300 dpi кем емес), кестелер Word ішінде.
- Орналасуы: мәтін ішінде қолданылған жерге жақын.
- Сілтеме: мәтінде міндетті түрде берілуі тиіс.
4. Әдебиеттерді рәсімдеу (APA 7 стилі)
- Мәтін ішінде сілтеме: (Автор, жыл). Мысалы: (Sapir, 1929); (Хусаинов, 1988).
- Тікелей цитата:
Қысқа (40 сөзге дейін): «...мәтін...» (Автор, жыл, б. 45).
Ұзын (40 сөзден артық): бөлек абзац, сол жақтан шегініспен, тырнақшасыз.
- Әдебиеттер саны: кемінде 15, соңғы 5 жылдағы Scopus/WoS мақалалары болуы тиіс.
- Тізім: алфавит бойынша.
- Қазақ және орыс әдебиеттері: транслитерация жасалып, ағылшынша аудармасы жақша ішінде беріледі.
5. Ғылыми этика
- Түпнұсқалық: мақала бұрын жарияланбаған, басқа журналға ұсынылмаған болуы тиіс.
- Плагиат: Антиплагиат жүйесінде тексеріледі (≤ 70%).
- Этика: адам қатысқан зерттеулер үшін этикалық комитеттің рұқсаты немесе ерікті келісім көрсетілуі тиіс.
6. Авторлар туралы мәліметтер.
Мақаланың соңында, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін авторлар туралы ақпарат ағылшын тілінде беріледі. Мәліметтерге автордың тегі, аты, әкесінің аты (толық көрсетіледі), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны (мекеме атауы), сондай-ақ ғылыми қызығушылықтарының қысқаша сипаттамасы енгізіледі.
Мысалы:
Name Surname – Candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor at “Bolashaq” Academy. His research is focused on the study of pedagogical management opportunities.
7. Қолжазбаны ұсыну тәртібі
Авторлар редакцияға мақаланың екі нұсқасын ұсынуы тиіс:
Бірінші файл – автор(лар) туралы толық ақпаратты қамтитын нұсқа (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны, ORCID, байланыс деректері).
Екінші файл – анонимді рецензиялауға арналған нұсқа. Бұл нұсқада автордың аты-жөні, жұмыс орны, байланыс деректері, ORCID және авторды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген ақпарат көрсетілмеуі тиіс. Анонимді нұсқа тәуелсіз рецензиялау рәсімін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады.
