Қазіргі заманғы маңызды мәселелер (ISSN 2312–4784) – Қарағанды қаласындағы «Bolashaq» академиясының бастамасымен шығатын халықаралық ғылыми рецензияланатын журнал. Басылымның басты миссиясы – қоғам мен ғылымның өзекті құбылыстарын талдауға арналған гуманитарлық-ғылыми кеңістік қалыптастыру және түрлі елдердің ғалымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Журнал ашық қолжетімділік (Open Access) қағидасында жұмыс істейді және жарияланған еңбектердің халықаралық ғылыми айналымға енуіне мүмкіндік береді.
Басылым 2013 жылдан бері тұрақты түрде шығып келеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген (25.09.2015 ж., №15583-Ж).
Индекстелуі: РҒДИ (Ресей ғылыми дәйексөз индексі), Google Scholar, Semantic Scholar, ResearchGate, Scilit, R Discovery
Жарияланым тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Жиілігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
Байланысы: kjhss@bolashaq.edu.kz, khassenov.bolat@bolashaq.edu.kz
